#qyzylordatv

Сыр спортынан ақпар. Өскемен қаласында жастар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан болған ел чемпионатында қызылордалық Темірлан Якияев топ жарып, І орынға ие болды.

 Сырбойылық спортшы жарыс барысында шеберлік көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасын еншіледі. Бұл - аймақ өрендерінің республикалық деңгейдегі кезекті жетістігі. Темірлан енді алдағы халықаралық сындарға дайындықты бастамақ. Жалпы ел чемпионатында 10 өңірден жүзге жуық спортшы қатысты.