#qyzylordatv
Ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру - басты міндеттің бірі. Аймақта осы мақсатта жүйелі жұмыстар қолға алынып, бірқатар жобалар жүзеге асуда. Мәселен, Жалағаш ауданындағы Аққұм ауылында жол жөндеу, жарықтандыру, электрмен қамту, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, халықтың сұранысы қанағаттандырылуда. Ауылдың тыныс-тіршілігімен әріптесім Әкімжан Жолтаев танысып келді.