#qyzylordatv
Қызылордада Liugong /люгонг/ құрылыс және YTO /юто/ ауыл шаруашылығы техникасының ресми диллері «АгроТехМенеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы ашылды. Шара барысында шаруашылық иелеріне Қазақстанда жиналған жаңа техникалар таныстырылды.
«АгроТехМенеджмент» - шаруашылықтарды түрлі деңгейдегі құрылыс, жер қазу және ауыл шаруашылығы саласына арналған заманауи үлгідегі техникалармен қамтамасыз етіп отырған бірден бір компания. Бүгінде серіктестіктің еліміздің 15 өңірінде сату бөлімдері жұмыс істейді және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетеді.
ЕРНҰР НҰРЖІГІТОВ, «АГРОТЕХМЕНЕДЖМЕНТ» ЖШС ӨКІЛІ \Биылғы жылы Петропавл қаласындағы Казтехмаш зауытында Liugong модельдері жиналатын болады. Ол модельдеріміз 30 пайыз субсидияға ие болатын болады. Сонымен қатар, күріш жинауға арналған комбайндарымыз жиналып жатыр Сампо. Ол финский компаниядан келіп отыр. Қызылорда қаласындағы филиалында толығымен құрал жабдықтармен қамтылып отыр. Сервисіміз жылжымалы \
Бұл техникалардың басты ерекшелігі - қуаттылығында. 40 тан 280 аттың күшіне дейін бар. Сондай-ақ іші жайлы, орындығы жұмсақ, жазда салқындатқыш, қыста жылытқыш жұмыс істейді. Бүгінгі күні Жаңақорған, Шиелі және Жалағаш аудандарындағы шаруашылықтар егінге арналған жалпақ дөңгелекті тракторларды қолданып жүр.
ЖЫЛҚАЙДАР БАЙДАЛИЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ \шаруашылықтарға жақсы шаруашылықтарға пайдалануға, әркім өзінің жұмысына қарай пайдаланадығой. Қазір бірінен бірі асып жатырғой, жаман емес. Мысалы жалпақ табандылар жер айдауға жақсығой \
Отандық техникаларды 5 пайыздық «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасымен алуға болады.
ЖАНАР РАХМЕТОВА, «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \ Компанияны біздің облыстан ауыл шаруашылық техникаларын сатуға арналған филиалдың ашылуымен құттықтаймын. Бізде жеңілдетілген пайызбен беретін бағдарламалар көп бес пайыздан бастап. Ауыл шаруашылық техникаларын 5,7,10 жылға дейін алуға болады\
Ашық есік күні аясында шаруаларға техникалар таныстырылып, мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.