#qyzylordatv
Әкімдіктер жол, аула және балалар алаңы сияқты жергілікті мәселеге атүсті қарайды. Бүгін 2,5 мыңнан астам әкім жиналған басқосуда Президент осылай деді. "Елімізде азаматтардың өтінішін қарауға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қазір ауыл әкімі бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы тұрғындардың мәселелерін еш қиындықсыз сараптай алады. Өтініш жолдаған әрбір адамның сауалына нақты жауап берілуі тиіс. Бірақ әкімдіктер көп жағдайда мұндай өтініштерге атүсті қарайды. Амалы таусылған жұрт орталыққа, тіпті, Президент Әкімшілігіне шағымдануға мәжбүр, - деді Қасым Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «салықты жұмыс істейтін және табыс табатын жерде төле» қағидатын іске асыруды тапсырды.