#qyzylordatv
Бюджет кірістерін толықтыруға бағытталған шаралар басты назарда. Депутаттар алдында есеп берген қала әкімі Нұржан Ахатов осылай деді.
Қала әкімі жыл басында жоспарланған қала бюджетінің үш есе өскенін айтты. Жыл соңына дейін әлі де артуы мүмкін. Ол үшін бюджет кірісін арттыруға арналған жұмыстарға күш салмақ.
НҰРЖАН АХАТОВ – ҚАЛА ӘКІМІ
//Облыс бюджеті 3 жылда 364 млрд. теңгеден 851,3 млрд .теңгеге дейін өсті. Ал, қала бюджеті болса, 174,7 млрд. теңгеге жетті. Жыл соңына дейін 1 ай уақыт бар. Біз қала кірісін әлі де толықтыру үшін қажетті шараларды жүзеге асыратын боламыз. Облыс орталығының барлық саласында оң динамиканың қалыптасқанын жақсы білесіздер. Аймақ басшысының қолдауымен қала жолдары жөнделіп, көшелеріміздің аясы кеңіді. Бұл салаға 20 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталды. Абаттандыру ісінде де нәтиже жетерлік. Бұл жобаларға 33 млрд. 341 млн. теңге бөлінді.//
Өңірде халықты тұрғын үймен қамту жұмысы қарқынды. Бұл бағытта қаланың үлесі басым. Сонымен қатар биыл инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлініп, газ желісі жетпеген елді мекендер мен қала аумағында қалып қойған аумақтарға көгілдір отын тартуға 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.
НҰРЖАН АХАТОВ – ҚАЛА ӘКІМІ
// Халықты баспанамен қамтуда республикада алдыңғы орындамыз. Яғни, көпқабатты тұрғын үйлерді салу мен сатып алу үшін 42 млрд.206 млн. теңге жұмсалды. Тұрғындарымыз 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылып, бөлінген 6 млрд. 413 млн теңгеге қосымша жұмыстар атқарылды. //
Қалалық мәслихат төрағасы мен депутаттар қала әкімінің жұмысын оң бағалады. Әрі шаһарды дамытудағы шараларды бірлесе атқаратынын жеткізді.