#qyzylordatv
Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жаңа Қазақстан: Жасампаз ел мұраты» атты мәдени-үгіт топтарының облыстық байқауы өтті.
Арал ауданы әкімдігі қолдау көрсеткен байқауды облыстық халық шығармашылығын дамыту және продюсерлік орталығы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе ұйымдастырған. Басты мақсат – мемлекет басшысының стратегиялық шешімдері мен халыққа бағытталған бастамаларын кеңінен насихаттау, мәдени-үгіт бригадаларының шығармашылық әлеуетін арттыру.
Қоғамды жаңғырту үдерісіндегі мәдениеттің рөлін күшейтуге үндеген байқауға барлық аудан мен қалалық мәдениет үйінен 8 үгіт бригадасы қатысты.
Байқау қорытындысында ІІІ орынды Қазалы және Шиелі ауданы мен қалалық мәдениет үйі ұжымдары өзара бөлісті. ІІ орын жаңақорғандық «Дала жұлдыздары» бригадасына бұйырса, І орынды – Жалағаш ауданының «Арай» мәдени-үгіт тобы иеленді. Ал бас жүлдені Арал аудандық мәдениет үйі жанындағы «Көңілашар» командасы жеңіп алды.