#qyzylordatv
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Заң мен тәртіп» тақырыбында JAIDARMAN фестивалі өтті. Шараға өңірдегі мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындары мен аудандардан 15 команда қатысты. Қатысушылар әзіл арқылы заңға құрмет көрсету мен азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
Фестивальдің мақсаты – жастардың заңға деген құрметін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Командалар сәлемдесу кезеңінде әзіл арқылы заң талаптарын сақтау, тәртіпке бағыну бәріне ортақ екенін креативті түрде көрсете білді.
ӘЛІБИ БАСАРОВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Биылғы жылы жайдарманның басты ерекшелігі арнайы маусым көлемінде біз арнайы тақырып бойынша командаларға әзілдеу үшін тапсырма берілді, яғни біздегі осы қоғамдағы Қауіпсіз Қазақстан үшін заң мен тәртіп қағидасын қолдау мақсатында үлкен жастар арасында мәселелерді қозғап, үлкен мәселеге айналдырып, әзіл түрінде көрсетіп осыны жеткізіп жатыр. Біз енді қазылар құрамының санын күшейттік және де 5 қазылар алқасы болғанмен де қасына 5 сарапшы қостық. 03:26 Ортақ шешіммен әр топтан 2 командадан жолдама алады, сол үшін өнер көрсетеді.//
Қатысушылар сахнада ой ұшқырлығын, әзіл мәдениетін және өз көзқарастарын әсерлі жеткізе алды.
ӘМИНА ЖҰМАХАН – «AMG» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ //Жалпы біз Amg құрамасы, айым өнер мектебінен қатысып жатырмыз. Ойнап жатқанымызға осы жылы екі жыл болады, өткен жылы мектеп лигасының чемпиондарымыз. Сарапшылардың арқасында, 5,2 баллмен финалға тікелей жолдама алдық. Жалпы алдағы уақытта енді жоғарғы лиганың чемпионы боламыз деген үміттеміз.//
Фестиваль қорытындысында 9 команда жартылай финалға өтті: «САПА», «AMG», «Мәншүк жастары», «Матриархат», «Арбаттың бойы», «Болашақ құрамасы», «3/4 құрамасы», «Дарын», «Бренд». Әзіл мен тапқырлықтың тоғысқан алаңында жастар әлеуметтік тақырыптарды, патриоттық рух пен ұлттық құндылықтарды әзілмен жеткізіп, көрерменге терең ой мен шынайы эмоция сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жартылай финал келер жылдың қаңтар-ақпан айларында болмақ.