#qyzylordatv
Елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділік акциясы ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Аталған бастама аясында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде түсіндірме жұмыстарына арналған жиын болды.
Шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, психолог мамандар мен қоғам белсенділері арнайы шақыртылған. Жиында спикерлер студенттерге гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және ерте жүктіліктің салдары мен психологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жан-жақты ақпар ұсынды. Айта кетейік, отбасылық жанжалдардың алдын алып, қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатындағы белсенділік акциясы 16 күнге жоспарланған. Жиырма сегізінші қарашада басталған науқан оныншы желтоқсанға дейін жалғасып, түрлі тақырыптық кездесулер ұйымдастырылмақ.