#qyzylordatv
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық дәлізінің бойынан «Транзит» атты жаңа кешен жұмысын бастады. Қазақы нақышқа көңіл бөлген кәсіпкер кешенді ұлттық үлгіде жабдықтауды жөн көріпті.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген тәмсілді ұстанған кәсіпкер алдымен жолаушыға сая болатын ағаш көшетін көппен бірге отырғызды. Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасы жаңа бастамаға сәттілік тіледі.
Шиелі ауданы Ақтоған елді мекенінің тұсынан ашылған сервистік қызмет көрсету нысанында 100 орындық асхана, 30 адамға арналған қонақ үй қарастырылған.
Жүргізушілер мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасауды мақсат еткен жол бойы кешенінің алғашқы қонағы Шакир Надиров. Өзбек ұлтының өкілі 10 жылдан бері күре жолмен Ресейге қатынап келеді.
ШАКИР НАДИРОВ –КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ /ӨЗБЕКСТАН/
//Жаңадан ашылған кешенге тоқтап тұрмыз. Бізге ұнады. Тағамдары дәмді. Іші кең, қонақүйі бар. Мен 10 жылдан бері осы жолмен қатынап келемін. Мұндай сервистік орталықтардың ашылғаны қуантады.//
Кәсіпкер келешекте кешен аумағын кеңейтіп, жанармай бекеті мен көліктерге техникалық қызмет көрсету орнын салуды көздеп отыр. «Қай істе де тек сапалы қызмет басты назарда болады» дейді ол.