#qyzylordatv

Қызылордада қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі көлемдегі рейдтік жұмыстар басталды. Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес аймақтағы полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшірілді. Бұл шара өңірдегі қылмыстардың алдын алу, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.

Облыстық Полиция департаменті гарнизонының жеке құрамына арналған нұсқаулық жиында алдағы күндері атқарылатын қызметтің нақты тәртібі пысықталды. Құқық қорғау органдарының барлық бөлімшелеріне қала аумағында патрульдеу бағыттарын күшейту, ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел әрекет ету міндеттері жүктелді.Жиында полиция қызметкерлерінің дайындығы, сыртқы келбеті, саптық машықтары және қызметтік автокөліктердің жай-күйі тексерілді. Шараға облыстық департамент аппараты, қалалық полиция басқармасының жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары және жеке күзет ұйымдары қатысты. Бекітілген құрылымдар алдағы күндері жаяу және автопатруль бағыттарында күшейтілген режимде қызмет атқармақ.

 АЙБЕК ҚҰЛМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

ҚР ішкі істер министрлігі нұсқауына сәйкес аптаның әр жұма сенбі күндері күшейтілген жұмыс түріне көшіру мақсатында қвзіргі таңда Қызылорда облысы Полиция департаментінің горнизоны кешенді күш құралдары сонымен қатар ұлттық ұлан гвардиясы жеке күзет ұйымдары сонымен қатар еріктілер күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, оның мақсаты Қызылорда қаласында және облыс көлемінде қылмыстардың алдын алу болған қылмыстардың дер кезінде ашу.Сонымен қатар жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында осы күшейтілген жұмыс түріне көшірілуде.

 Сонымен қатар, құқық қорғау саласында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Ішкі істер министрлігінің шешіміне сәйкес, енді полиция қызметкерлеріне жол жиегінде тұрып, ала таяқпен көлік тоқтатуға қайта рұқсат беріледі. Бұл жаңалық жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге, камерамен қамтылмаған аумақтарды бақылауға және құқық бұзушылыққа жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде қала аумағында 15 тұрақты бекет қойылып, арнайы жасақ пен патрульдік полиция қызметкерлерінен мобильді топтар жасақталған.

МҰРАТБЕК МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 28 қарашадан бастап полиция қызметкерлеріне жол жиегінде тұрып ала таяқпен қолмен көлік тоқтатуға қайта рұқсат берілді.Бұл шара жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында енгізіліп отыр.Қызмет барысында инспекторлар бекітілген патрульдік бағыттарда және жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін учаскелерде тоқтап тұрып бақылау жүргізеді және де камерамен қамтылмаған учаскелерде де бақылауды күшейтуге, жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын сақтауын тікелей бақылауға және дереу әрекет етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қала аумағында 15 тұрақты бекет қойылып патрульдік полиция қызметкерлерімен арнайы жасақ қызметкерлері мобильді топтар құрылып қызмет атқаруда.

 Бұл шара – құқық қорғау органдарының мүмкіндігін деңгейін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған қадамдарының бірі. Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жүзеге асырыла бастады.