#qyzylordatv
Қызылордада автокөлік өрттерінің алдын алу мақсатында «Қауіпсіз автокөлік» кең ауқымды профилактикалық іс шарасы өтті. Төтеншеліктер,полицейлер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Өңірде автокөлік өрттерінің жиілеуі – мамандарды алаңдатып отырған негізгі мәселе. Қысқа тұйықталудан бастап, техникалық ақауларға дейінгі себептер көлік иелерін сақтыққа шақыруды қажет етеді. Осыған байланысты облыс көлемінде профилактикалық іс – шаралар күшейтілді. «Қауіпсіз автокөлік» акциясы тек түсіндіру жұмыстарын ғана емес жүргізушілердің қауіпсіздік мәдениетін арттыруды да мақсат етеді.
БЕКБОЛАТ ӘБДІҚАДЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қызылорда облысымызда осындай үгіт насихат жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Бұл үгіт насихаттың мақсаты су қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігі бойынша өздеріңізде куәгерсіздер. БАҚ-қа неше түрлі ақпараттар түсіп жатыр өрт болып балалар мен ересектер қаза болып. Сосын суда балықшылар суға кетіп жатыр. Сондай қайғылы оқиғалар соңғы кездері көбейіп сол себепті біз тек қана Қызылорда облысы бойынша емес бүкіл Қазақстанда үгіт насихат жұмыстары ұйымдастырылып өткізіп жатырмыз. Жалпы мұндай акция барлық жерде бүкіл облыстарда өтіп жатыр.
Шара барысында мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі бойынша кеңес беріп қана қоймай, практикалық көрсетілім де ұйымдастырды.
АСХАТ ТОҒЫЗБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Қазіргі таңда Қызылорда қаласында автокөліктердің өрт алу оқиғалары алаңдатуда, бүгінгі күнде жыл басынан бері 166 өрт оқиғасы тіркелді.Соның ішінде 40 ы автокөлік өрт оқиғасы тіркелді. Дегенмен адам қазасы орын алған жоқ. Айтарлықтай материалды шығындар келтірілді. Сонымен қатар өрттің шығу себептері автокөліктерде электр сымдарының қысқа тұйықталу, сонымен қатар қауіпсіздік талаптарының сақталмауы. Қазіргі таңда департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен полиция департаментімен еріктілермен сонымен қатар КазТрансГаз Аймақ акционерлік қоғамымен бірлесе отырып профилактикалық күшейту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта кезең кезеңімен күшейтілген түрде жүргізілетін болады.
Профилактикалық шараның соңында өрт сөндіру көліктері қала орталығымен жүріп өтті.