#qyzylordatv

Адам өміріне әсемдік пен үйлесім сыйлайтын саланың бірі – флористика. Қарапайым гүлшоғын безендірудің өзі өнер, ал сол өнерді үйрену арқылы әжептәуір табыс табуға болады. Бұл да креативті индустрияның бір бөлігі деуге болады. Жұмыссыздықпен күресте де бұл жақсы бастама. Қызылордалық бір топ қыз-келіншек осы саланы меңгеріп шықты.

 Гүлден әдемі композиция құрастыру сәндік өнер емес пе? Адамның қиялы ұшқыр, небір талғаммен тамаша дүниені жасап шығаруға болады. Барлық той біткеннің безендірілуі де осы флористердің қолында. Үйлесім, талғам, көркемдік, шығармашылық коллаборация арқылы жақсы табыс табуға болады. Мына іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат та осы.

 30 қатысушы декор мен безендірудің әдіс-тәсілін үйреніп бағуда. Гүлдер иерархиясын сақтай отырып, дизайн әлемінің бір бөлігін үй шаруасындағы келіншектер де, басқа саланың мамандары да асқан ыждағаттылықпен меңгеруде. Қазір еңбек нарығында жақсы флористерге сұраныс жоғары және олардың табысы да жоғары.

 Оқу тегін болды. Бұл да қосымша мамандық алам, табыс табам дегендерге керемет мүмкіндік.