#qyzylordatv #заңментәртіп

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қызылордалық полицейлер қорқытып ақша алу дерегінің жолын кесті.

Нақтырақ айтсақ, 6-шы желтоқсан күні тәртіп сақшылар жедел-іздестіру шарасы барысында басқа облыстың тұрғындарынан 10 мың АҚШ долларын күш қолдану арқылы талап еткен Шиелі ауданының екі тұрғынын ұстады. Қазіргі таңда күдіктілерге екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.