#qyzylordatv
Қала іргесіндегі Сабалақ елді мекенінің тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Бүгіннен бастап мұндағы 1600-ден астам абонент көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алып отыр. Мамандар жоғары қысымды газды жіберіп, жеткізуші құбырды толықтай қамтамасыз етті.
Қазіргі таңда «Сабалақ» аумағында 5000-нан астам халық тұрақты мекендеуде. Саяжай тұрғындары көгілдір отын мәселесін көптен бері көтеріп келген. Енді бұл мәселе оң шешімін тауып отыр.
АРНҰР НҰРМАҒАМБЕТОВ – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
//Жалпы жоба бойынша 7,3 шақырымды құрайтын жеткізуші газ құбырының құрылысы қарастырылған және газды реттеу пункты қарастырылған және Орамішілік елдімекенінің газ желілері 86 шақырым және 5 шкафты газды реттеу пункты қарастырылған.Бүгінгі күні 7,3 шақырымды құрайтын жеткізуші газ құрылысының құбырының құрылысы толықтай аяқталды. 5 шкафты газ реттеу пункті орнатылды ішкі орамішілік желілері толықтай құрылысы аяқталды. Бүгінгі күні біз жеткізуші газ құбырын жоғары қысымды газ құбырына қостық толықтай енді 5 ШРП толықтай орнатылды. Елдімекендегі 1670 абонент газға қосылуға мүмкіндік алып отыр//
Сабалаққа газ желісін жүргізу үшін 3 кезеңнен тұратын жоба дайындалған болатын. Жоба құны 3 млрд теңге болса, аймақ басшысының тікелей қолдауымен қосымша 300 миллион теңге бөлініп, саяжайдың ішкі газ желілерін тарту жұмыстары жүргізілді.