#qyzylordatv

Облыстың медицина саласында да биыл біраз жетістіктер орын алды. Бұрын-соңды жасалмаған күрделі оталар, жаңа ғимараттар, жаңа құрал-жабдықтар сәтті іске асырылды. Ақ халаттылар шет елдерде біліктіліктерін көтерді. Қысқасы, денсаулық саласы жақсы нәтижелермен жылды қорытындылап отыр.

Соңғы 3 жылда облыстың денсаулық сақтау саласына 441 млрд теңге қаржы бөлініп, халықтың сұранысына сәйкес түйіткілді мәселелер шешімін табуда. Барлық ауданда 28 жаңа медициналық нысан бой көтерді. Жыл қорытыдысымен өткен салтанатты жиында салада үздік көрсеткішке қол жеткізген медицина қызметкерлеріне алғыс хат пен төссбелгілер табысталды.

Алдағы уақытта да облыстың медицина саласының сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табатын болады.