#qyzylordatv
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Өзгерістерге сәйкес жұмыстағы әріптесінің туған күніне, туысының тойына немесе мерекеге орай ұжымнан ақша жинағандардың шоты бақылауға алынбайды. Бұл туралы қаржы вице-министрі айтты. Үкімет отырысында инфляцияның басты себебі азық-түлік бағасын тежеу, арзандатылған сиыр етін сату мәселесі де айтылды.
Яғни, шотқа бір ай бойы тоқтаусыз ақша түсіп, екінші айда аударымдар болмаса бақылау болмайды. Мерейтойлар мен садақаға жинағандар да тексерілмейді. Бұған дейін азаматтар әртүрлі 100 адамнан 3 ай қатарынан аударым алса автоматты түрде кәсіпкерлер тізіміне еніп, салық төлеуге міндеттеледі делінген еді. Енді бұл ережеге өзгеріс енгізіліп отыр.
ЕРЖАН БІРЖАНОВ – ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ \Үш критерий бірге сәйкестік болған жағдайда ғана біз ол төлемдерді байқауға аламыз. Үш ай қатарынан болуы керек, 100 әртүрлі адамнан ай сайын болып тұруы керек. Осы үш айдың қортындысы бойынша сома 1 млн теңгеден асуы керек.
Ал, кәсіпкер ретінде бақылауға алынғандардың шоттары бірден бұғатталмайды. Алдымен хабарлама жіберіп, содан кейін салықтық тексеру жүргізіледі. Жаңа ереже жаңа жылдан бастап күшіне енеді.