#qyzylordatv

Президенттің Жапонияға ресми сапары аясында жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын 40-тан астам коммерциялық келісімге қол қою жоспарланып отыр. Күншығыс елімен арадағы алыс-берістен еліміз не ұтады? Жапония үшін Қазақстанмен серіктестік қаншалықты маңызды?

 Күншығыс еліне алғаш рет ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.