#qyzylordatv
1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне маңызды өзгерістер күшіне енеді. Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2026 жылдан бастап сақтандырылған азаматтар жоспарлы медициналық қызметтерді толық ала алады. Қазір Қазақстанда 17 млн адам, яғни халықтың 82%-дан астамы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Оның ішінде 12 миллионнан астамы жеңілдік берілген санатқа жатады. Ал 4,5 млн азамат жарнаны өз бетінше төлейді. Аида Балаева МӘМС жүйесіне әлі тіркелмеген тұрғындарды жүйенің мүмкіндіктерімен мұқият танысуға шақырды. Сонымен қатар жаңа жылдан бастап МӘМС пакеті кеңейеді. Оған қант диабеті, балалар церебральды сал ауруы, ревматизм сияқты созылмалы дерттер бойынша медициналық қызметтер енгізіледі.
Медициналық көмек пен МӘМС-ке қатысты кез-келген толық ақпаратты экранда көрсетілген ресми арналардан алуға болады.
АИДА БАЛАЕВА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ \2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау, диагностика, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, гемодиализ және тіпті бүйрек трансплантациясы міндетті медициналық сақтандыру пакеті арқылы сақтандырылған азаматтарға қосымша шығынсыз қолжетімді болады.