#qyzylordatv

Қазалы ауданындағы Ақсуат ауылында төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекеті ашылды.

Жаңадан ашылған өрт сөндіру бекеті қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Шараға қатысқан аудан әкімі Алмасбек Есмаханов төтенше жағдайлар саласына көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталды. Айта кету керек, соңғы екі жылда ауданға қарасты Қызылқұм, Майдакөл және Аранды ауылдық округтеріне 3 өрт сөндіруші техника табысталса, Әйтеке би кентіндегі өрт сөндіру мекемесінің материалдық - техникалық базасы жаңартылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өрт оқиғасы азайған.

ҚУАНЫШ РЗАХАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ \өрт болғанда сөніп болғасын келетін еді жер шалғай Қазалы қайда, біреу қайда. Қазір енді басынан қимылдайдығой. Сосын бұрынғыдан шығын аз болады. Құдай ондай қылмасын. Өрт болмасын. Бұл енді жақсы нәрсеғой. Елге игілікке бәрі оң болсын\