#qyzylordatv
Медициналық ұйымдарда Face ID жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл емдеу мекемелері тарапынан тіркеулер санын 7%-ға төмендетті. Бюджет қаражатының шамамен 10,5 млрд теңгесі үнемделді.
Премьер-министр Олжас Бектенов, денсаулық сақтау саласын цифрландыру және қаржылық тәртіп мәселесі бойынша кеңес өткізді. Онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін жетілдіруге және цифрлық трансформациясына қатысты тәсілдері қаралды. Жиын соңында Премьер-министр Денсаулық сақтау, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктеріне процестерді цифрландыру жұмысын жандандыруды тапсырды. Ал, қаржы министрлігі денсаулық сақтау жүйесінде қаржылық тәртіпті күшейту жөнінде шаралар қабылдайды.