#qyzylordatv #заңментәртіп
Облыс аумағында 1-31 желтоқсан аралығында «Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара шеңберінде табиғатты қорғау және заңсыз аңшылықтың жолын кесу мақсатында бірқатар құқық бұзушылық анықталды.
Полиция қызметкерлері сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен заңсыз айналысатын тұлғаларды, сондай-ақ аң аулау қағидаларын бұзған азаматтарды тексерді. Іс-шара нәтижесінде сирек кездесетін жануарлармен заңсыз айналысу бойынша 3 қылмыстық іс тіркелсе, аң аулау қағидаларын бұзуға қатысты 41 құқықбұзушылық анықталды. Сондай-ақ 10 дана заңсыз қару айналымнан алынған.