#qyzylordatv
Енді бет-жүзін жасырған азаматтар жауапкершілікке тартылады. Сенат құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңды екі оқылымда мақұлдады. Әуелі ескерту жасалады. Ол еленбесе, 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.
Ал медициналық маска таққандарға, денсаулық жағдайына байланысты қорғау үшін бетін жапқандарға заңның қатысы жоқ. Бұдан бөлек, жаңа нормаға сәйкес, жүргізуші куәлігінен айырылған адам енді электр самокатты да жүргізе алмайды. Оны жалға беретіндерге де жауапкершілік күшейеді. Енді әрқайсының тіркеу номері болуы тиіс.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
//Президентіміз жолдауында заң мен тәртіп қағидаты мемлекетіміздің мызғымас түғыры деп айрықша атады. Қаралған заңдардың басты мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алуда адам құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.