#qyzylordatv
Қазалы ауданында да шырша шамы жағылып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. «Шырша шамы – шаттық нұры» атты думанды кешке аудан әкімі де қатысты.
Жаңа жылдық шырша әсіресе кішкентайлар үшін ерекше сәт. Аудандағы бас шыршаның шамын жағу мәртебесі ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген, ауыр атлетика чемпионатының жеңімпазы Фатима Төребаева мен Мұстафа Матаев атындағы №170 мектептің үздік оқушысы Әмина Жасұланқызына берілді. Салтанатты шарада аудан әкімі жыл бедерінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жылан жылы қазалылықтар үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Ауқымды жобалар жүзеге асып, байыпты бастамалар қолға алынды.