#qyzylordatv #заңментәртіп
Қырағылық, сақтық және кез келген қаржылық ақпараттың дұрыстығын тексеру – интернет-алаяқтардан қорғанудың ең сенімді жолы. Күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді енгізбес бұрын сайттың шынайылығын тексеру сынды кеңестер «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада кеңінен айтылды.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасының негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Осы орайда партия мүшелері №3-ші қалалық емханаға барып, медициналық қызметкерлермен кездесу өткізді. Интернет-алаяқтар күн сайын алаяқтықтың жаңа тәсілдерін ойлап табуда.Олар қоңырау шалады, хабарлама жібереді, өзін банк қызметкері, тіпті туысы ретінде таныстыру арқылы ойларын жүзеге асырады. Сондықтан тұрғындарға жеке мәліметтерді сақтау және күдікті қоңыраулар мен хабарламалар түскен жағдайда қырағы болу маңыздылығы ескертілді.