#qyzylordatv

Қарақалпақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы өңірімізге жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында тараптар медицина саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуды көздейді.

 Қарақалпақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы өңірдегі бірқатар медициналық мекемелердің жұмысымен танысты. Делегация құрамында министрлік басшылығы мен қалалық, аудандық медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері бар. Сапардың басты мақсаты – екі өңір арасындағы әріптестікті дамыту және өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында тәжірибе алмасу.

АКМАЛЬ АСКАРОВ - ҚАРАҚАЛПАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Сапардың негізгі мақсаты – Қарақалпақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы арасында меморандумға қол қою. Бұл құжат екі тараптың бірлескен, өзара келісілген жұмысын қамтамасыз етеді. Медицина саласында шекара жоқ, біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жүйені бірге дамытамыз. Қазіргі таңда көпбейінді балалар ауруханасы мен перинаталды орталықта болдық. Алдағы уақытта ересектерге арналған көпбейінді орталықтың жұмысымен де танысуды жоспарлап отырмыз. Мұнда медициналық қызмет көрсету өте жақсы ұйымдастырылған, әсіресе балаларға арналған оңалту орталығы көңілімізден шықты.//

 Делегация мүшелері медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасына және қызмет көрсету сапасына жоғары бағасын берді. Тәжірибе алмасу алдағы уақытта бірлескен жобаларға ұласуы мүмкін.

МАЙРА ЕРҒАЛИЕВА - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

//Біз Өзбекстан республикасы, Қарақалпақстан республикасы атынан денсаулық сақтау министрлігі делегациясымен Қызылорда облысына келіп отырымыз. Біз келгендегі максетіміз осы қызылорда облысы менен Қарақалпақстан республикасы ортасында мемарондум түзілген осы мемарондумдағы шарттарын орындау мақсетінде, тәжірибе алмасу мақсетінде келіп отырық. Міне ана бала орталығын көрдік қуанышытымыз . Алдағы уақытта осы Қызылорда денсаулық сақтау министрлігімен бірге істесу ниеттеріміз бар.//

Тәжірибе алмасуға негізделген бұл сапар екі өңір арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, медицина саласындағы ортақ бастамалардың жүзеге асуына жол ашады.