#qyzylordatv
Жаңа жылдан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейі өседі. Бұл әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшеріне де әсер етеді. Әріптесім Дәулет Сағит жаңа жылда зейнетақы мен жәрдемақыға қанша қосылатынын тарқатып айтады.
Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, 1-ші қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге болады. Соған сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңгені құрайды. Яғни осы азын-аулақ қаржы бір адамның бір айда өмір сүруіне жарайды деген сөз. Ал халықты қолдауға бағытталған бағдарламалар да дәл осы тұтыну себетіне қарай құрылады.
Дегенмен ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғыдай – 85 мың теңге болып қала береді. 2026 жылы ерлер мен әйелдер үшін зейнетке шығу жасы өзгермейді. Ал базалық зейнетақыда өзгеріс бар. Айталық, ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге болса, базалық зейнетақы төлемінің ең төмені мөлшері – 35 596 теңге көлемінде белгіленіп отыр.
ӘЛИЯ САҒЫМБАЕВА – ОБЛЫС БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //1-қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді. Атап айтқанда, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы (65 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.//
Осылайша жаңа жылдан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10 пайызға артады. Сонымен қатар, жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс мөлшері 216 мың 260 теңгеден 237 мың 875 теңгеге көбейтіледі. Мұнан бөлек, еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері де артпақ. Сондай-ақ, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған күтушінің де жәрдемақысы ұлғаяды.
ӘЛИЯ САҒЫМБАЕВА – ОБЛЫС БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ЕТКД (50851теңге) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады. Сонымен қатар, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) және бірінші топ мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері ЕТКД (50851теңге) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды. 01.01.2026ж. бастап бұл жәрдемақылардың мөлшері 81871 теңгені құрайды.//
Енді көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мен босанған ана мен сәбиге берілетін көмек туралы тарқатып айталық. Мамандардың айтуынша, өңірімізде бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақыны алушылар саны бірінші қаңтардан бастап едәуір артпақ. Осы орайда әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу келер жылдың 1-ші қаңтардағы алушылардың қосымша құжаттарды ұсынуын қажет етпейді және автоматтандырылған режимде жүргізіледі.
ӘЛИЯ САҒЫМБАЕВА – ОБЛЫС БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері: Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда берілетін бір жолғы жәрдемақының мөлшері (38-АЕК) 01.01.25ж. 149416 теңгені құраса, 01.01.26ж. бастап 164350 теңгені құрайды немесе 14934 теңгеге, ал төрт және одан да көп бала туылғанда (63-АЕК) 247716 теңгеден 272475теңгеге немесе 24759 теңгеге артады. Ал, бала біржарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері тууы кезектілігіне байланысты 01.01.26ж. бастап бірінші балаға -24912 теңге, екінші балаға - 29454 теңге, үшінші балаға - 33952 теңге, төртінші және одан да көп бала туылғанда 38493 теңгені құрайды.//
1-ші қаңтардан бастап мүгедектігі бар азаматтарға төленетін жәрдемақы мөлшері де ұлғайтылады. Мәселен:
Жаңа жылдан бастап «Күміс алқамен» марапатталған аналардың ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақысының мөлшері 27 мың 680 теңгені, «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 32 мың 5 теңгені құрамақ.