#qyzylordatv

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында алдағы 3 жылға арналған кент және ауылдық округтердің бюджеті бекітілді. Бірлескен комиссия отырысында депутаттар тұрғындардың талабына орай әрбір округтегі өзекті мәселелерді көтерді.

 Мәселен, халық қалаулыларының ұсынысы бойынша Қызылжарма, Қарауылтөбе және Ақсуат ауылдық округінің көшелеріне жарық шамдар орнатылмақ. Сондай-ақ, барлық елді мекенді абаттандыру мен көгалдандыру жұмысы да назардан тыс қалмады. Депуттар тарапынан аяқ су айдайтын насостар орнату мен спорт алаңдарын күтіп ұстау мәселесі көтерілді. Белкөл кенті клубының коммуналдық желілерін жаңартуға, Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай мәдениет үйін жөндеу жұмыстарына да қаржы бөлінбек. Жалпы, бұл жолғы кезектен тыс сессия қарауында 5 млрд теңгеден астам қаражат түйіткілдердің өзектілігіне қарай бағытталып отыр. Ал оның түйінін тарқату алдағы 3 жылдың еншісіндегі іс.