#qyzylordatv
Қазақстандық кей компаниялар мемлекеттік көмекті жылына бірнеше рет алып келген. Есесіне, адал қызмет етіп, уақытылы салық төлеген бизнес өкілдері мұндай қолдаудан қағылып отырды. Мәжілісте кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларына жүргізілген аудит нәтижесі талқыланды. 14 материал құқық қорғау органдарына жіберіледі. Әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 105 материал жолданды.
Еліміздегі шағын және орта бизнес 4,4 млн адамды жұмыспен қамтып отыр. Соңғы 6 жылда кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан 4,5 трлн теңге көмек көрсетілген. Алайда, бұл сектордың экономикадағы үлесі керісінше төмендеп кеткен. Оның негізгі себебі қазынадан бөлінген қаржы бей берекет жұмсалған дейді Әлихан Смайылов.
Елімізде кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсететін бірнеше институт бар. Олардың жұмысы ортақ базаға біріктірілмеген. Бизнес өкілі бір жылда бірнеше оператордан қолдау алып отырған.
Жиында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысы да сынға алынды. Үйлестіру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуінен ұйым қаржыландыру функциясын қоса атқаруды. Бұл заңға қайшы. Мәселе реттелсе бәсекелестік орта қалыптасып, бизнестің дамуында серпіліс болады дейді мамандар. Депутаттар үкімет мүшелерінің алдында нақты дәлелдер келтіріп, бірқатар жекелеген мәселені де көтерді.