#qyzylordatv
«Аманат» партиясы Жалағаш аудандық филиалының актив отырысы өтті. Жиында жыл бойы атқарылған жұмыстар қортындыланып, алдағы міндеттер пысықталды. Мұнан соң «Аманат» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай аудандағы еңбекші жастармен жүздесті. Салтанатты шарада бірқатар азамат марапат төрінен көрінді.
Жалағаш ауданында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне тұрғындардан 650-ден аса өтініш келіп түскен. Оның 444-і оң шешімін тапса, 200-ден аса мәселеге кеңес берілген. Бұдан бөлек, бастауыш ұйымдар айлығында 130-дан аса шара ұйымдастырылып, аудандық партиялық бақылау комиссиясының 11 отырысы өткізілген. Онда 65 ұсыныс көтеріліп, оның 38-і орындалыпты. Ал, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 166.5 млн теңгені құрайтын 33 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде Мақпалкөл ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасының иігілігін көріп отырған кәсіпкерлердің қатары артып келеді.
Осылайша «Аманат» партиясы» ауылдық жерде мемлекеттік деңгейдегі бағдарламалардың жүзеге асуына ықпал етіп келеді. Сондықтан партия белсендiлерiнiң халыққа көрсетер қызметi пәрмендi әрi өз дәрежесiнде болуы тиiс, деді Жандос Базартай. Әлбетте ауылдың даму деңгейі сол елді мекенді басқарып отырған әкімнің тәжірибесі мен еңбегіне де тікелей байланысты.
Мұнан соң партия мүшелері аудан орталығында еңбекші жастармен кездесті. Жиында жұмысшы мамандықты таңдаған студенттерге еңбек адамының қоғамдағы рөлі, маңызы түсіндірілді. Ал, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев ауыл жастарына үлгі болар өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Шара соңында Жандос Базартай Еңбек Ері Имамзада Шағыртаевқа «AMANAT» партиясы Төрағасы Ерлан Қошановтың Құрмет грамотасын табыстап, партия белсенділерін Алғыс хатпен марапаттады. https://youtu.be/BT29lV16SMY