#qyzylordatv

Сыр өңірінің табиғаты ерекше. Кейде жыл он екі ай салқындықты сезбейміз. Қысты қарсыз қарсы алған кездер де болды. Ал биыл ерекше. Аязды маусымның алғашқы айында екінші рет жерге ақ ұлпа қонды. Әріптесім Нұртөре Әділ әсерімен бөліссін.

 НҰРТӨРЕ ӘДІЛ – ТІЛШІ /Қыс қылығы қарымен әдемі. Қызылорда бүгін ақ түске боялып тұр. Қала көшелерін жапқан ақ ұлпа осы бір мезеттің тынысын сездіріп, тұрғындардың көңіліне ерекше күй сыйлауда. Ал, күртесін жамылған тал-дарақтар Ақмешітте емес, Алатауда жүргендей әсер сыйлайды/

Расымен, айналаның ажары ақ ұлпа қар. Көше бойындағы көліктердің өзі бір түске боялған. Жұртшылық жаураса да, жаңа жыл қарсаңындағы осы бір мезетті ерекше күткені байқалады.

 Ақұлпа қардың жауғанына әсіресе балалар қуанышты. Себебі, қыстың ғажайып ұмтылмас кезеңі балалық шақта болады. Өйткені, ойын баласы бет шымшытар сары аязға қарамай шанамен сырғанап, қар атысып, аққала жасап жүреді. Бұл көріністерді бүгін қала көшелерінен көретініміз анық.

 Әр мезеттің өзінше ерекшелігі бар. Десе де қыс мезгілінің орны ерекше. Жаңа жылдан жақсылық күткен көпшілік жыл жабар сәтті ақ қармен қарсы алғаны қуаныш.