#qyzylordatv
Жаңақорған ауданы Кейден ауылында жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Елді мекен балаларына арналған күрес залы «ҚазАтомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының демеушілігімен салынды. Сондай-ақ, «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай СКЗЮ күкірт қышқылы зауытының вахталық қалашығынан заманауи спорт кешені ашылды.
Кейден ауылында спортпен айналысатын жас көп. Сондықтан, Қазатомөнеркәсіп жаңа жыл қарсаңында соңғы үлгідегі спорттық жабдықтармен салынған күрес залын ауыл спортшыларына тарту етті.
АРДАҚ ЗЕБЕШЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // Атап өту қажет Жаңақорған ауданында соңғы жылдары 15 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді. Осындай игі істердің жалғасы ретінде міне тағы да бір спорт нысан ауыл тұрғындарының игілігіне қолданысқа беріліп отыр. Құны 114 млн 400 млн теңге бұл нысанда 50 балаға арналған күрес залы және талапқа сай барлық құрыл-жабдықтар қамтылған. Қадірлі ағайын мұндай игі бастамалардың жүзеге асуына әлеуметтік жауапкершілікті терең сезінетін кәсіпорындардың үлесі зор. Соның бірі СКЗ-Ю жшс. Бұл кәсіпорын ауданның дамуына тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған көптеген әлеуметтік жобаларды тұрақты түрде жүзеге асыруда. Әсіресе, Кейден ауылында атқарылған жұмыстар соның айқын дәлелі.//
Салтанатты шараға Ұлттық компанияның Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов арнайы қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
МЕЙІРЖАН ЮСУПОВ – «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП ҰАК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ //Жалпы біз Қазатомнеркәсіп ретінде осындай жұмыс жасап жатқан өңірлерде әлеуметтік жобаларды әрдайым қолдауға дайынбыз. Мемлекет басшысы осы өңірлердегі спорттың дамуына ерекше мән беріп келеді. Ол тараптан бізде қолдан келгенше қолдауымызды көрсетіп жатырмыз. Осы Қызылорда қаласының өзінде де Достық үйін көтеруде бізде біраз атсалыстық. Сонымен қоса, басқа жерлерде де осындай әлеуметтік жобаларға бұдан әрі қолдауымызды көрсетуге дайынбыз. Осы ашылып жатқан спорт залының осы ауылдың өсіп келе жатқан балаларына үлкен спортқа жол ашады деп сенеміз.
ОРАЗӘЛІ ӘБЖАНҰЛЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ /Жаттығады балдар, жақсы жағдай жасалып жатыр. Бұл ауыл қазір біраз жыл болды атомпромның көп көмегін көріп жатырмыз. ҚазАтомпромның қолдауымен бізге аяқ су тегін беріледі 6 ай бойы. Соның арқасында ауылымыз гүлденіп, көгеріп жан-жағымыз осындай болып тұр./
Қазатомөнеркәсіп өндіріске жақын маңдағы ауылдардың дамуына үлес қосумен қатар, кен орындарында еңбек ететін жұмысшыларға да қолайлы жағдай жасап келеді. Соның айқын дәлелі вахталық қалашықтан бой көтерген жабық әмбебап спорт кешені. Мұнда жұмысшылар бос уақытында волейбол, баскетбол және футбол ойнап, фитнеспен айналысуына мүмкіндік бар.