#qyzylordatv

Бүгін қызылордалық балақайлар үшін шахар басшысының дәстүрлі жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шарадан тілші бейнематериалы.

 Жаңа жылдың жақындағанын сездіретін жарқыраған шамдар, балалардың шат күлкісі мен ертегі әлеміне жетелеген көрініс. Шырша тойына қала әкімі арнайы қатысып, жас өрендерге жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ кеште балаларға сый-сияпаттар табысталып, есте қаларлық қуанышты сәттер көп болды.

ШҰҒЫЛА КЕМЕЛ, ОҚУШЫ

Маған осы жаңа жыл қатты ұнады. Осы жылан жылында мен көптеген жетістіктерге жетіп осы жаңа жылға келдім. Осы болып жатқан мерекесі маған қатты ұнады, өте күшті өтіп жатыр.

 МӘДИНА СӘМЕТҚЫЗЫ, ҰСТАЗ

Бүгінгі ұйымдастырылып жатқан жаңа жыл кеші өте жоғары деңгейде өткізіліп жатыр. Мен 267ші орта мектептің мұғалімімін.Осы кешке өзімнің оқушымды алып келдім. Мына келіп жатқан жаңа жылымыз еліміз үшін өте берекелі табысты жыл болсын. Биылғы жыл жалпы еліміз үшін жақсы өтті, біздің өңіріміз үшін де өте табысты жыл болды деп есептеймін. Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Жаңа жыл – үміт пен қуаныштың мерекесі. Шараны ұйымдастырушылар балаларға көтеріңкі көңіл күй ғана емес, жаңа жылға үміт пен сенім сыйлағандай.