#qyzylordatv

Биыл қалалық қоғамдық даму бөлімінің құрылғанына - 20 жыл. Осыған орай қала әкімдігінде мерекелік жиын өтті. Шара барысында ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, ел бірлігін нығайту жолында еңбек етіп жүрген түрлі сала қызметкерлері марапатталды.

 Қоғамдық келісімді нығайту, отбасылық құндылықтарды сақтап, азаматтық бастамаларды қолдау және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, жастар саясатын жүзеге асыру қоғамдық даму бөліміне жүктелетін негізгі міндет. Қалалық қоғамдық даму бөлімі осы бағытта нәтижелі жұмыс атқарып, жылды табысты қорытындылады. Шара барысында қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов сала мамандарын мерекемен құттықтап, игі лебізін жеткізді. Іс-шарада қоғамдық даму бөлімімен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйым өкілдеріне құрмет көрсетті.

 НҰРЛАН КӨБЕГЕНҰЛЫ, «ӘЛІМСАҚ» ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ

  Биыл қоғамдық даму бөліміне 20 жыл. Осы 20 жылдың ішінде журналистер болсын басқада әріптестер болсын қоғамның алдындағы парызын, өздерінің жұмыстарын атқарды. 2025 жыл Қызылорда қаласы үшін үлкен даму жылы болды. Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл болды. Осы күндердің ішінде біздің масс медиа үлкен жұмыс атқарды.