#qyzylordatv

Жаны жылылықты қалайтын саяхатшылар қыс мезгілінде жайлы орын іздеп шетел асады. Шынында қызылордалықтар қандай бағытты жиі таңдайды, қысқы саяхат бюджеті қаншаны құрайды? Келесі сюжетке зер салайық.

Күн сәл суытса, жыл құстары секілді жылы жақты аңсайтындар қатары жыл санап көбейіп келеді. Мұны турагенттік мамандары да растап отыр. Әрі шартарапты шарлап жүргендердің қыс мезгілінде шуақты мекенге аңсары ауады. Турагент Перизат Бекназарқызының айтуынша, теңіз жағалауының өңір тұрғындары үшін жай ғана демалыс емес, денсаулықты нығайтуға әсері мол.

ПЕРИЗАТ БЕКНАЗАРҚЫЗЫ – ТУРИСТІК АГЕНТТІК ДИРЕКТОРЫ

//Қызылордалықтар көбінесе теңіз жағасында демалғысы келеді. Олар иммунитетті көтеріп, күнге қыздырынғанды қалайды. Теңіз жағасындағы қыздырыну мен біздің өңірдегі аптап ыстықта күнге екеуі мүлдем басқа нәрсе. Мен әрқашан теңіз иммунитетті көтереді деп айтамын. Өйткені біздің облыс тұрғындарына йод жетіспейді. Бұл олқылықтың орнын теңіз жағасына шығу арқылы толтыруға болады//

Саяхатқа қажетті онлайн платформалардың дамуына қарамастан, қазақстандықтар әлі де міндетті сақтандыру және саяхат коды бар беделді туроператорларды таңдайды. Бұл саяхатқа деген қызығушылықтың артқанын ғана емес, сонымен қатар саяхат сауаттылығының жақсарғанын көрсетеді. Тағы бір тұсы, облыс тұрғындарының отбасымен саяхаттауы көбейген. Мұндай кезде демалысты жайлы ету үшін барлық мүмкіндік қарастырылған қонақ үйлер ерекше танымал.

 ПЕРИЗАТ БЕКНАЗАРҚЫЗЫ – ТУРИСТІК АГЕНТТІК ДИРЕКТОРЫ

//19 жылдық өз тәжірибеме сүйене отырып айтсам, қызылордалықтар жылы климатты қалайды. Оларға БАӘ, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таиланд, Вьетнам, Шри-Ланка, Гоа және Хай Нян кіреді//

 Бұл бағыттарға демалыс бір адамға 500 000 теңгеден басталады. Дегенмен, кез келген талғам мен бюджетке сәйкес келетін Мысыр мен Катар бағытының бағасы бір адамға 300 000 теңге. Мамандар қысқы демалыс үшін ең қолайлы кезең – қараша, желтоқсандағы мереке күндері мен ақпан айындағы демалыс дейді. Сапарды алдын ала жоспарлаған дұрыс. Мұнда туристік агенттіктің рөлі өте маңызды: сенімділік, қауіпсіздік және тәулік бойы тұтынушыларға қолдау көрсету.