#qyzylordatv

Сенат банк қызметіне қатысты заңды Мәжіліске кері қайтарды. Олар 16 түзету енгізді. Бұрын банктер азаматтардың жеке деректерін ұзақ уақыт сақтай алатын.

 Тіпті несие толық төленіп, жабылғаннан кейін де мұрағатта қалатын. Енді нақты мерзім бекітілмек. Сол аралықта ақпараттың бәрін базадан өшіруге міндеттеледі. «Алайда, бақылау күшейіп, тексеріс көбейіп кетсе, несие алу қиындайды. Яғни қаржылық операциялардың іске асуы техникалық жағынан күрделене түседі» дейді депутаттар. Сондықтан жаңа заңды банк қызметіне кедергі келтірмейтіндей етіп өзгертуді талап етіп отыр.

АМАНГЕЛДІ НҰҒМАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

 Бұл жекелеген нормалардың макроэномикалық әсерін қайта пысықтау қажеттігін көрсетеді. Осыған байланысты депутат ретінде банк секторын қадағалауды күшейту мен оның тұрақты әрі орнықты дамуына қолайлы жағдай жасаудадғы теңгерімді сақтау аса маңызды деп есептеймін.