#qyzylordatv

Жалағаш ауданы, Аламесек ауылдық округінде кіші басқару орталығымен қамтамасыз етілген жаңа полиция пункті пайдалануға берілді. Енді, учаскелік полиция инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы Жаңадария мен Есет батыр ауылының тыныштығы мен қауіпсіздігін тәулік бойы бақылай отырып, түрлі қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік алып отыр.

 Жаңадария мен Есет батыр ауылы аудан орталығынан шалғай орналасқан. Ал, қос ауылдың арасы 18 шақырымды құрайды. Осы қос елдімекенге бір ғана учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Қызметкер үшін жол машақаты өз алдына, тіпті учаскелік пункті болмаған-тын. Яғни, осыған дейін тәртіп сақшысы ауыл тұрғындарының тыныштығын сақтау үшін екі ауылдың ортасында сабылып жүретін. Енді, бұл жауапты жұмысты мына кіші басқару орталығы атқарады. Мұның ең басты тиімділігі, қос ауылда орналасқан бейнебақылау камерасы арқылы қылмыстық ахуалды қадағалайды. Әрі анықталған қылмыстарды аудан орталығына барып, тіркеп жүрмейді. Арнайы құрылғы арқылы базаға еңгізуге мүмкіндік алып отыр.

 Соңғы жылдары елімізде «Ішімдіксіз ауыл» акциясы жүргізіліп келеді. Соған сай Сыр елінде 19 ауыл арақтан бас тартқан. Енді, Есет батыр ауылының халқы да ащы суға түбегейлі тосқауыл қоюды көздеп отыр. Ал, жаңадан ашылған полиция пункті бұл бастаманы аяғына дейін жеткізуге өз септігін тиігізеді, дейді ауыл тұрғындары. Жалпы, №14 учаскелік полиция пункті заманауи талаптарға сай арнайы техникамен, жиһаздармен толық жабдықталған. Бұл үшін аудан әкімдігі қаржылай қолдау көрсеткен.

ҒАНИ СҮЛЕЙМЕНОВ – АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАРАСЫ // Заңның күштілігі, Заңның өзінің үстемдігі болады. Қылмысты жасаған емес, қылмыстың алдын алу шаралары....)

 ӘБДІҚАЙЫР ӘЙТІМОВ – АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ // Біздің ауылымыз ауыз-біршілігі, бірлігі бір жақсы ауылмыз. Кейіңгі кезде ішімдіксіз ауыл деген болып жатыр, біз соған бет бұрып жатырмыз. Бүікл ел болып, халық болып қолға алып жатырмыз. // енді алдағы уақытта жақсы нәтиже шығады деген ойымызда бар. Бір жылдың ішінде ешқандай қылмыс болған жоқ. Шүкір деп жатырмыз осының бәріне де.

 Ауылдық округте кіші басқару орталығын ашудағы басты мақсат – тұрғындардың тыныштығын күзетіп, қылмыстың алдын алу. Биылғы жылы аядай ғана ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ал, жалпы аудан көлемінде 11 айдың қортындысымен қылмыс 11,5 пайызға төмендеген. Тәртіп сақшылары қоғам тыныштығын басты назарда ұстап отыр. Әсіресе, ауыладардағы қылмыстық ахуалды қадағалап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жіті мән беруде.

 МӘУЛЕН ӨСЕР – АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 2025 жылы 11 ай 20 күнде қылмыстың саны бізде 11,5 пайызға төмендеді. Алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізудеміз. Енді мынау қоғамдық орындарда, көшелерде, одан кейін бұрын сотты болғандармен рецидивті қылмыстардың барлығы төмен жағдайда тұр. Енді оған байлансты жоспарлы жұмыс жүргізудеміз. Енді учаскелік полиция инспекторларының техникалық жабдықталуы жыл сайын жаңартылуда. // келесі жылы осындай полиция пунктін Таң елдімекенінде салу жоспарлануда.

 Міне, осындай шаралардың арқасында құқықбұзушылықтар айтарлықтай азайған. Бұл жергілікті атқарушы орындармен және полициямен бірлесіп қабылданған шаралардың нәтижесі.