#qyzylordatv

Жаңа жыл қарсаңында қызылордалық 120 отбасы баспаналы болды.Жаңа тұрғын үйлердің кілті көптен кезегін күткен баспанаға зәру, әлеуметтік осал топтағы ағайынға табысталды.

 Нұрғалиевтер жаңа жылды өз шаңырағында қарсы алады. Көпбалалы отбасы алты жыл бойы кезек күтіп, сабырын серік еткен. Енді міне, үміті ақталып, барлық жағдайы жасалған жайлы әрі жарық үйге кірді. Бұл бір отбасының ғана емес, тұтас елдің тілегі.

 Бұл күні Берік секілді 120 тұрғын су жаңа пәтердің кілтін алды. Сыр өңірінде соңғы жылдары құрылыс қарқын алды. Әсіресе, тұрғын үй құрылысына басымдық берілген. Мәселен, соңғы үш жылда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер табысталыпты.

 Іс шарада тоғыз қабатты қос тұрғын үйдің құрылысына атсалысқан мердігер компания өкілдеріне аймақ басшысының алғыс хаты табысталды.