#qyzylordatv

 «Ауыл» партиясының облыстық филиалы «Бұл – менің ауылым» атты бейнебайқау конкурсын өткізді. Мақсат - ауылдың тарихын, әсем табиғаты мен көрікті келбетін, тұрмыс-тіршілігін көрсетіп, елден шыққан белгілі тұлғалардың өмір жолын насихаттау.

Шығармашылық байқауға үш жүзден астам үміткер қатысқан, соның ішінде 12 талапкердің жұмысы іріктеліп, сарапқа салынды. Нәтижесінде Мерей Әмірбек «ең кішкентай қатысушы» номинациясын алса, Інжу Сақтағанның Қарауылтөбе ауылы туралы бейнеролигі ынталандыру сыйлығына ие болды. Ал, Қоғалыкөлдің тарихынан сыр шертіп, тамаша туынды жасаған Олжас Балтақожа байқау жеңімпазы атанды. «Бұл – менің ауылым» бейнебайқау конкурсының жеңімпазына 1 млн теңге табысталды.

ОЛЖАС БАЛТАҚОЖА, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ \ауылымыздан шыққан С.Майқанова, С.Қожықов сияқты кісілерді неге айтпасқа деп видеоролик түсірдім. Видеомның құндылығы жоғары болды ау деймін халық өзі кең таралуына атсалысты. Осылайша бір айдың ішінде миллион ақшаға қол жеткіздім. Бұл енді менің ғана емес ауылдастарымның арқасында деп ойлаймын. ..\

 Іс-шара барысында «Ауыл» партиясының жыл сайын өткізетін «Ауыл нақыштары» республикалық фотобайқауының қатысушыларына да құрмет көрсетілді. Бұл байқауға биыл еліміздің әр өңірінен жеті жүзге жуық фотосуретші қатысқан. Олардың арасында облыс әкімінің баспасөз қызметінің фотографы Бағдат Есжанов пен «Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің фотографы Нұрболат Нұржаубай да бар. Ауылдың көрікті келбетін суретке түсіріп, тылсым табиғитқа тіл бітірген фотосуретшілер «Ауыл» партиясының төрағасы, Мәжілісі депутаты Серік Егізбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.