#qyzylordatv
Өңірде «Жастардың бастамасы: даму мен серпін» атты облыстық жастар форумы өтті. Жиында жастардың көшбасшылық әлеуетін арттыру, мемлекеттік басқару және цифрлық технологиялар саласындағы мүмкіндіктер талқыланды.
Жастар ресурстық орталығында өткен форумға аймақтың белсенді жастары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жастар саясаты саласының мамандары қатысты. Мақсат – жастардың бастамаларын қолдау, олардың қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал ету, көшбасшылық қабілетін дамыту және мемлекеттік басқару мен цифрлық технология саласындағы білімін кеңейту. Жиында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы да жастармен емін-еркін әңгімелесіп, әр салада табысты еңбек етіп жүргендерге алғыс білдірді.
МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Біздің өңір әр салада өзіндік жетістіктермен ерекшеленетін дарынды жастардың мекені. Сыр елінің жастары спорт, шығармашылық, ғылым және мәдениет саласында да жеткен табыстарымызбен мақтанамыз. Бүгінгі таңда аймақ басшысының бастамасымен өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Іс-шара аясында жастар саясаты саласында нақты нәтижеге қол жеткізген бастамаларға ерекше назар аударылды. Соның бірі – салауатты өмір салтын насихаттап, жүздеген жасты ортақ іске жұмылдырып жүрген Нұрқанат Алдабергеннің жобасы.
НҰРҚАНАТ АЛДАБЕРГЕН – «СЫР ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ Қызылорда қаласына жасап жатқан еңбегіміз сыр жастарын, салауатты өмір сақшыларын жинап жатырмыз. Әр сенбі күні орталық алаңда спорттық жаттығулар ұйымдастырамыз бастапқы уақытта 4-5 баламен жиналған кішігірім ұйымымыз қазір 150-ге жуық балаларды қамтып жатыр және де бұл әрекетпен қаншама жас жеткіншектерді мотивация беріп спортқа тартып жатырмыз тек қана спортпен айналыспай олардың рухын шыңдап жатырмыз десек те болады.//
Жастар аймағымыздың қоғамдық өміріне белсенді түрде араласып, түрлі идеялар ұсынып, оларды іске асыруға атсалысып келеді. Осы орайда өңірдегі жастар саясатын жүзеге асыруда өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар жас Мәдениет және ақпарат министрі мен облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.