#qyzylordatv #тазақазақстан

Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысқан мекемелер мен ауылдық округ әкімдіктері марапатталды.

Ауданда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл бойы ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, жүзден астам сенбілік ұйымдастырылып, 21 мың тоннаға жуық қоқыс арнайы орындарға шығарылды. Туған жерді түлетіп, айналаны көркейту, көгалдандыру мақсатында 41 900 түп ағаш көшеті отырғызылды. Орталық алаң, теміржол вокзалы маңы, аудан әкімдігінің алды абаттандырылып, скверлер мен аллеялар салынды. Осы жұмыстарға белсене атсалысқан мекемелер мен кәсіпорындар «Үлгілі балабақша», «Үлгілі мектеп», «Үлгілі кәсіпорын» және «Үлгілі жеке тұрғын үй ауласы» сынды номинациялармен марапатталса, үздік елді мекендерге қаржылай сыйақы табысталды. Мәселен, Ғани Мұратбаев ауылдық округі 3 дәрежелі дипломмен марапатталып, 3 млн теңгенің сертификатына ие болса, Майдакөл ауылдық округі 5 млн, Қарашеңгел ауылдық округі 7 млн теңгеге ие болды.

ШОҚАН ҚОЖАНТАЕВ, ҚАРАШЕҢГЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ \Жыл басынан бері атқарылған тазалық жұмыстарының аясында марапат алып жатырмыз. Бұл әрине әкімшіліктің ғана емес бүкіл Жалаңтөс батыр ауылы тұрғындарының ортақ жеңісі. Біздің ауылда екі мыңға жуық көшет отырғызылды. Сонымен қатар 500 тоннаға жуық күл қоқыс арнайы орынға апарылып, жойылды \