#qyzylordatv

Алдағы мереке күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысына Данияр Жаналинов төрағалық етті.

 Қоғамдық орындарда, ойын-сауық нысандары мен түнгі клубтарда, базарлар мен сауда орталықтарында, жалдамалы пәтерлерде құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіледі. Данияр Еренғалиұлы мерекелік іс-шаралар кезінде құқықбұзушылықтарға жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істейді.

 Сондай ақ-әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге су, жылу, электр, газ беру және тазалық қызметтері үздіксіз көрсетілуі тиіс. Жиында резервтік жүйелерді тексеріп, қосымша қуат көздерін дайындап қою қажеттігі айтылды. Ал коммуналдық қызметтер 24 сағаттық кезекшілік пен жедел байланыс желісін ұйымдастырады.

 Сонымен қатар, негізгі жол тораптары мен халық көп жиналатын аумақтарды патрульдеуді, өрт, жарылыс және өзге де апаттық жағдайларға жедел әрекет етуге дайындықты күшейтуді тапсырды. «Медициналық қызметтің, жедел жәрдем бригадаларының әзірлігі де назардан тыс қалмауы керек», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары