#qyzylordatv #заңментәртіп

Өңірімізде «Құқықтық тәртіп» профилактикалық акциясы жүріп жатыр. Полицейлермен бірге түнгі рейдке шыққан тілшіміздің бейнематериалында толығырақ.

 «Құқықтық тәртіп» іс-шарасына жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары мен облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Алдымен гарнизондық жиын өтіп, акцияның маңызы түсіндірілді.

 Елімізде қоғамдық орындарда кальян шегуге заңмен тыйым салынған. Ал заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды.

 Облыста жыл басынан бері қоғамдық тамақтану орындарында кальянды пайдаланудың 350-ден астам дерегі тіркелді. Ал, түнгі рейд кезінде 6 жағдай анықталды.

 ЖАНДОС АХМЕТЖАН – ҚПБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ // Осы кезде анықталып тұр. Қазіргі таңда оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтыңы кодекстің 441 бабымен тиісті шара көріледі. Хаттама толтырылады. Ал, кәсіп иесіне қатысты құжаттар жинақталып, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасына құжаттар жолданып, ары қарай тиісті шара көреді.

Акция аясында көлік құралын басқару құқығынан айырылса да рөлге отырғандар анықталды.

БАҒДАТ НАСЫРОВ – ҚПБ ӘПБ ППБ ВЗВОД КОМАНДИРІ

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен біздің қызметкерлер жезлмен тоқтатып, жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жол қозғалыс ережесін сақтауға, тәртіпке бағынуға, белгіленген жылдамдықтан автокөлікті асырмауға //шақырып

 Ал универсам аумағында екі полиция қызметкері қолдан жасалатын кептелісті жойып, аумақтың тыныштығын күзетті.

 Рейд жұмыстары әлі де жалғасады.