#qyzylordatv

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыс көлемінде 900-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

 Соның ішінде қызылордалық полицейлер ішімдік ішіп, масаң күйде көлік тізгіндеген 8 жүргізушіні ұстады. Сот шешімімен олардың барлығы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Мұнан бөлек, жаяу жүргіншіге жол бермеген 32 жүргізушіге айыппұл салынса, көлік айдау құқығынан айырылса да қайтадан рөлге отырған 3 қала тұрғыны ұсталды. Сонымен қатар, қарсы бағытқа шығып жол ережесін өрескел бұзған және бір қала тұрғыны ұсталды.