#qyzylordatv
Табалдырықтан аттағалы тұрған Жылқы жылы қандай болмақ? Жаңа жылдан не күтеміз? Нумерологтардың түсіндіруінше, 2026 жыл шешім қабылдауды кейінге қалдыруға мүмкіндік бермейді. Ол еркіндік, жылдамдық пен ішкі адалдықтың символы саналатын Жылқы белгісімен өтпек.
2026 жыл өзгерісті күтпей, өзі әрекет ететін адамдар үшін ерекше қолайлы болмақ. Бұл – қалыпты шеңберден шығып, өз өмірі үшін жауапкершілік алуға дайын жандардың уақыты, дейді нумеролог Лиза Мұхамбет.
ЛИЗА МҰХАМБЕТ – НУМЕРОЛОГ
Яғни, еркіндік, қозғалыс әрдайым даму үстінде жүретін жануар болғандықтан алдағы 2026 күтіп отыратын адамдар емес, керісінше әрдайым қозғалыста әрекетте жүретін адамдарды қолдайды деп атағым келеді. Жылқы ол жалпы тоқырауға шыдамайды , жалғандықты көтермейді. Адамның ішкі шындықтарын ол сыртқа шығаруы мүмкін. Яғни, көп адамдардың өмірінде көптеген бір өзгерістер орын алып келуі мүмкін. Мысалға адам өзінің профессиясын ауыстырып жіберуі мүмкін, болмаса өзінің істеп жатқан саласын мүлде басқа салаға ауыстырып жіберуі мүмкін, қарым-қатынасын ол нәрседе қайта қаралуы мүмкін. Себебі адам өзінің ішкі шындықтары сыртқа оянатын жыл десем болады. Ескеретін жәйт келер жылы асығыстық шешімдер мен сабырсыз шешімдер мысалға қателікке алып келуі мүмкін. //
Бір сөзбен айтқанда, бұл жыл саналы өзгерістерге жетелейді.
ЛИЗА МҰХАМБЕТ – НУМЕРОЛОГ
Жылдың қолдаушы сандары бұл әрине 1,3,5,7 сандары десем болады. Себебі 1 сан әрдайым қозғалысқа, бірнәрсені бастауға, көшбасшылыққа әсер ететін сан болғандықтан өте жақсы көмектеседі. Ал 3 саны бұл көбінесе адамның шығармашылығына әсер етеді. 5 саны көбінесе өзгерістерге жауап бергендіктен адам бір орында отырмай жаңа нәрселерді көріп істегісі келуі мүмкін. Ал 7 адамның ішкі саны даналығына жауап береді өзіне сұрақ қою мүмкін өзімнің жолымда келе жатырмын ба деген сияқты бір ішкі сезімдер шығуы мүмкін. 07:00 Жаңа жобаларды бастауда ең алдымен 1,3,5-і күндері пайдаланған дұрыс, танысу, келіссөздер біреумен келісімшартқа отыру көбінесе 3,5 күндері қойған дұрыс, даму, оқу, білім алу бөл көбінесе 7-сі күні қойған дұрыс, қаржының қадамдарын 8-не қойған дұрыс.
Кейбір нумерологтар Жылқы жылын шартты түрде ғалымдар, спорт және IT жылы деп атауға болатынын айтады. Себебі жаңа жылда автоматтандыру, жасанды интеллекті мен логикаға негізделген салалар қарқынды дамымақ.