#qyzylordatv

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің құрылыс мамандығы «Жобаларды басқару» құзіреттілігі бойынша халықаралық салалық акредиттеуден өтті. Енді осы мамандықта білім алып жатқан студенттер дипломмен қатар халықаралық дәрежедегі сертификатқа ие болып, әлемнің 70 елінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.

95 жылдық тарихы бар іргелі оқу орны биыл «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша халықаралық салалық аккредиттеуден өткен болатын. Нәтижесінде 9 оқытушы мен 11 студент халықаралық сертификат иегері атанды. Енді міне, «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында құрылыс мамандығы да халықаралық салалық аккредиттеуден өтіп, 4 оқытушы сертификатқа ие болды.

 ГҮЛНАР ЖАПАҚОВА, И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Енді 2026 жылдың қаңтар айында 15 студентті дайындап жатырмыз халықаралық сертификаттан өтуге. Бұл біздің түлектерге әлемнің 70 елінде құрылыс мамандықтары бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Төртінші курс студенттері өтеді. Олар дипломмен бірге қосымша халықаралық дәрежедегі сертификат алады\

 Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі ауыл шаруашылығы, теміржол, мұнай-газ саласы бойынша еңбек нарығына сай, сұранысқа ие мамандық иелерін оқытуда. Бүгінде мұнда екі мыңнан астам студент білім алады. Биыл 95 жылдық мерейтой аясында колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, пәндік кабинеттер мен зертханалар жөндеуден өтті.

БАУЫРЖАН ЕРМҰХАН, И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \Мысалы түлегіміз Таңрақбаев Жүзбай жолда жүру ережелері мен қауіпсіздік кабинетін жабдықтап, студенттерге ұсынып отыр. ..... \

 Тағы бір жаңалық, 2007-2015 жылдары колледжді басқарған Мәжит Өтемұратов атындағы виртуальды тренажер оқу зертханасы ашылды. Заман талабына сай жабдықталған кабинетте сегіз мамандық бойынша зертханалық сабақтар өтеді.

Колледждің тағы бір жетістігі, арнайы пән оқытушысы Бақытжан Сматов Астана қаласында өткен «WorldSkills» респбуликалық кәсіби шеберлік байқауында «Ветеринария» құзіреттілі бойынша үшінші орынға ие болды. Үздік педагог өзінің шәкірттерімен бірге ветеринарлық клиникада жануарларды емдеп, түрлі операциялар жасайды. Клиника соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталған.

Студенттер теорияны практикамен ұштастырып, жергілікті кәсіпорындарда тәжірибеден өтуде. Мәселен, аграрлық мамандықтар бойынша білім алатын қыз-жігіттер Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істесе, болашақ автомеханиктер «Тойота» орталығында машина бөлшектерін жөндеп, автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді үйренеді. Оқу орны біліммен қатар тәрбиеге де айрықша көңіл бөледі.

 Студенттердің кітап оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында түрлі танымдық – мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Оқырмандарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында 116 мың қоры бар кітапхана толықтай жөндеуден өткізілді. Алдағы жылы да пәндік кабинеттерді жаңарту жоспарланып отыр.