Қазалы ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған кеңейтілген мәжіліс өтті. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жиынға аудан әкімі, құқық қорғау органдарының басшылары қатысып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Ауданда өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы қылмыс деңгейі төмендеген. Дегенмен интернет алаяқтық пен есірткі саудасына тоқтам болмай тұр. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу да күн тәртібіндегі ең өзекті мәселенің бірі. Себебі, беймезгіл уақытта көше кезіп жүретін жастар көп. Осыған орай аудан әкімдігі құқық қорғау органдарының және білім саласы қызметкерлерімен бірлесіп күн сайын рейдке шығып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жиында сөз алған аудан әкімі Алмасбек Есмаханов жауапты сала басшыларына «Заң мен тәртіп» аясындағы профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұруды және құқықбұзушылыққа жол бермеуді тапсырды.
АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, АУДАН ӘКІМІ
Аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасыжөнгнідегі ведомстворалық комиссиясымен атқарылған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керек. Формальді түрде болу керек, әкімдік үшін емес ел үшін болу керек атқарылған жұмыстар. Қағаз жүзінде емес нақты жұмыстар жүргізу керек. .... \