#qyzylordatv

Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов бастаған делегация аймақтың агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту мақсатында Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Сыр өңірінен барған делегация алдымен Бэйянь округінде Қытайдың ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші компанияларымен кездесті. Жиында сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі сөз болды. Ал, Хайнань провинциясының өнеркәсіптік қалалық Инвестициялар паркіндегі кездесуде агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, агротехнологияларды дамыту, ресурстарды интеграциялау және өндірістік парктерді бірлесіп салу мәселелері талқыланды. Сапар барысында облыс әкімдігі, Хайнань провинциясының өнеркәсіптік қалалық Инвестициялар паркі және Хейлунцзян Хэхуэйдэ сауда компаниясы арасында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған үшжақты меморандумға қол қойылды. Делегация мүшелері сондай-ақ Дунфан қаласында «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында өткен халықаралық ауыл шаруашылығы конференциясына қатысты. Конференция Қытай мен Қазақстан арасындағы агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестициялық мүмкіндіктерді таныстыруға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталды.