#qyzylordatv
Президент «Түркістан» газетіне берген сұхбатында ветеринария саласын цифрландыру мен мал қауіпсіздігін күшейтуді басты міндеттердің бірі деп атады. Облыста бұл бағытта нақты шаралар қолға алынып жатыр. Арнамызға берген сұхбатында бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев айтты.
ШАХМАРДАН ҚОЙШЫБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
//Цифрландыруға байланысты бізде негізінен барлық мал анықтамалары ЭСЖ базасы арқылы беріледі. Ақпарат базасында мобильді қосымшасын қазір қолдануға жұмыс жасап жатырмыз. Сосын төрт түлік деген программа ашылды. Яғни, әрбір мал егесі өзінің байланыс құралы арқылы справка беріп осыған жұмыс жасап жатырмыз. Сосын бэтлап егіп жатқан барлық вакцинациялардың анықтамасын ала алады онлайн. Әлі бұны жетілдіретін тұстары көп. Одан бөлек біз енді барлық ветеринар мамандарын осы базалармен интернет жоқ жерде жұмыс жасауы үшін планшеттер алуға қаржыға ұсыныс бердік. Бұл енді бір-екі өңірде алып пайдаланды, қазір пилоттық негізде нәтижесін қараудамыз. Егер ол тиімділігін көрсеткен болса бізде осы барлық мамандарға планшеттер алып береміз. Яғни, ашығын айту керек арнайы журнал болады, журналға сырғасының номерін жазып қаналды ма , вакцинация қай күні салды осының бәрін жүргізеді. Сондықтан осы цифрландыру әрі қарай жалғасын табады, интеграциялық жұмыстар жүретін болады.//