#qyzylordatv
Былтыр өңірде заңсыз айналымнан 1 тонна 800 келі есірткі тәркіленді.Оның ішінде 220 келісі - марихуана, синтетикалық есірткілер екі келі болса, қарасора бақандай 1 тонна 650 келіден асып жығылады.
Жалпы есірткіге байланысты 304 құқық бұзушылық анықталса, оның 112-сі қылмыс, 192-сі құқық бұзушылық ретінде тіркелген. Ұсталғандардың жас шамасы - 18 бен 78 жас аралығында. Есірткі қылмысымен байланысты 1034 карта-шоттар бұғатталып, 478 шетелдік карта-шоттары анықталды. Сондай-ақ, былтыр есірткі жарнамасы бар 100 граффити жазулары жойылған.