#qyzylordatv
Облыстық Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы қасақана құқық бұзушылықтың алдын алды.
Полиция қызметкері қоғамдық орындарды бейнебақылау камералары арқылы зерделеу барысында қала орталығында автокөлік жанында спирттік ішімдік ішіп тұрған азаматтарды байқайды. Олардың бірі көлік тізгініне отырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлар мен дрифт элементтерін орындағаны анықталды. Аталған дерек бойынша бейнебақылау инспекторы жақын маңда жүрген патрульдік полиция қызметкерлеріне хабар берген. Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде 27 жастағы жүргізуші ұсталды. Тексеру барысында оның бұл оқиғаға дейін-ақ 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
Автокөлік бірден айыптұрағына қойылды. Ал жүгенсіз жүргізуші қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған азаматтар қоғамдық орындарда масаң күйде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.